Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Елбасының жолдауына қатысты нақты тапсырмалар талқылады

19/10/2018

 

Бүгін университеттің кафедра және басқарма, бөлім меңгерушілерінің басын қосқан проректор, доцент Қ.Құрманбаев мырза Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазан күнгі халыққа жолдауындағы нақты мәселелерді талқылады. Жолдауда келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігі айтылған болатын. Сондай-ақ «Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі: Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді.Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс…» делінген.

Осыған орай Нұр-Мүбарак университетінде оңтайлы өзгерістер мен жаңа жобалар талқылануда. «Бұл шараның барлығы әрбір түлектің білікті де білімді, қоғамды алға жылжытып, мемлекетті дамытуда белсенді болуына негіз болуы тиіс»,-деді проректор Қ.Құрманбаев.

Білім және оқу-әдістемелік басқармасының басшысы доцент Жалғас Сандыбаев мырза: «Осы мақсатта, жалпы білім алуды оңтайландыру мақсатында жаңа тәсілдер қарастырылуда. Ол үшін халықаралық тәжірибелердің тиімді нәтижелерін саралаудамыз», — деді.

Елбасы жолдауын талқылаудан басталған басқосу ары қарай күн тәртібімен жалғасты.

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар