Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Елімізде екі кезең бойынша мешіттер ашылады

18/05/2020

Бүгіннен бастап ҚМДБ-ға қарасты еліміздегі бірқатар мешіттер санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылғандығын www.muftyat.kz мәлімдеді.
Пандемия кезінде еліміздегі мешіттер екі кезең бойынша ашылады. Бірінші кезең 18 мамыр күні Нұрсұлтан қаласы – 12, Батыс Қазақстан облысы – 47, Павлодар облысы – 95, Ақтөбе облысы – 69, Алматы аймағы – 280, Талдықорған аймағы – 190, Қарағанды облысы – 146, Жамбыл облысы – 306, Қызылорда облысы – 178, Шымкент қаласы – 105 яғни жалпы саны 1428 мешіт ашылады.

Карантин жағдайына, өңірдегі індет қаупіне байланысты кейбір аймақтағы мешіттер кейінірек ашылады. Атап айтсақ,  екінші кезең 25 мамыр күні басталады.  Алматы қаласы – 51, Ақмола облысы – 91, Маңғыстау облысы – 35, ШҚО Өскемен аймағы – 103, ШҚО Семей аймағы – 110, Атырау облысы – 31, Түркістан облысы – 748, Қостанай облысы – 30, Солтүстік Қазақстан облысы  – 65 яғни жалпы саны 1264 мешіт ашылады деп күтілуде.

Нұр-Мүбарак мешітінің наиб имамы Жалғас Орынбасаровтың айтуынша, Алматы қаласының төтенше жағдайға байланысты штабының шешіміне орай, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласындағы мешіттер 25 мамырдан кейін қызмет көрсетуді бастайды.

 

Ұқсас жазбалар