Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Елімізде төтенше жағдай режимі ай соңына дейін ұзартылды

12/04/2020

Президент Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында еліміздегі ТЖ мерзіміне қатысты шешім қабылданды.

«15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы» – деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтінімен www.akorda.kz сайтынан танысуға болады.

Ұқсас жазбалар