Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Елордада ректор Мұхаммед аш-Шахат мырзаны наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабылдады

01/04/2019

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы  университетіміздің ректоры, профессор Мұхаммед аш-Шахат әл-Жинди мырзамен кездесті.

Кездесуге университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев, ҚМДБ Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаровтар қатысты.

ҚМДБ-ның Елордадағы жаңа ғимаратымен танысқан ректор мүфтият ұжымына құтты болсын айтты.

Басқосу барысында Мұхаммед аш-Шахат әл-Жинди Бірінші наиб мүфтиге университеттің жұмысы жайлы баяндады. Екіжақты кездесуде университет қабырғанда тәлім алып жатқан болашақ дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін арттыру мәселелері талқыланып, жан-жақты сөз болды, — деп хабарлайды ҚМДБ-ның ресми сайты www.muftyat.kz

 

 

Ұқсас жазбалар