Жаңа оқу жылындағы Нұр-Мүбарак университеті төңірегіндегі елеулі жаңалықтың бірі — оқу орнының оқу-әдістемелік мешітіне белгілі исламтанушы ғалым, PhD докторы Қайрат Жолдыбайұлы Бас имам болып тағайындалуы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығына сай Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы ректор, профессор Жуда Басюни, проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзалар бастаған топ қасиетті жұма намазының алдында жамағатты жаңа имаммен таныстырды.