Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ІІІ жалпыуниверситеттік конкурстық студенттік ғылыми конференция өтті (Фотолар)

25/02/2020

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде дінтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі кезеңдегі дін: мәселелері және шешімдері» атты дәстүрлі ІІІ жалпыуниверситеттік конкурстық студенттік ғылыми конференция өтті.

Шарада Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди студенттерге ғылыммен айналысудың маңыздылығын айта келіп, ислам діні Құран мен сүннетке негізделе отырып, ақылға жүгінетін бірден-бір асыл дін екенін атап өтті.

Сондай-ақ академиялық мәселелер департаментінің директоры, дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Сандыбаев Жалғас Орта Азияда ерекше мәртебесі бар Нұр-Мүбарак университетінде оқып жатқан студенттер үшін ғылым саласында өзіндік орны қалыптасу жолында атқарылып жатқан шараның маңыздылығына тоқталды.

Конференция қонақтары ретінде Әбу-Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ш.Т.Керім,  Дінтану кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Ержан,  Исламтану кафедрасының меңгерушісі Н.С.Анарбаев,  Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер  кафедрасының меңгерушісі Д.А.Қапасова,  Араб және ағылшын тілдер  кафедрасының меңгерушісі Б.А. Манабаев сынды ғалымдарымыз қатысты.

Жалпыуниверситеттік конкурстық студенттік ғылыми конференцияда «Зайырлылық принциптері және дін-мемлекет қатынастарының құқықтық негіздері»,  «ҚР исламтану ғылымының дамуы және мәселелері»,  «Араб және ағылшын тілі зерттеулері»,  «Қазақ ғұламалары дін туралы» атты төрт тақырып бойынша 1 жұмыс  қабылдауы  негізгі шарттың бірі болды.

Студенттердің ғылыми жұмысын ЕИМУ-нің ректоры Мухаммад аш-Шахат әл-Жинди мырзаның бұйрығымен бекітілген ОПҚ құрылған арнайы  7 адам 27 жұмысты қабылдады.

СҒЗЖ конкурстық комиссиясы: Дінтану кафедрасының профессоры, Қ.А. Затов, доцент Б. Хамзеева, доцент Д. Сихымбаева, доцент А.Дүйсенбаева, аға оқытушы Т.Баракбаева, оқытушы А. Әбубәкірова  шешімімен дінтану және исламтану бөлімдері бойынша марапатқа төмендегі жобалар ие болды:

Дінтану бөлімі бойынша:

I дәрежелі дипломға «Исламдағы жаңа жат ағымдар және қазақ қыздарының тағдыры»  Нигмет Ботакөз 2 курс, дінтану. Ғылыми жетекші: Бұлан Жоламан

ІІ  дәрежелі дипломға «Мұсылмандардың Европа қоғамына интеграциясы: Франция және Ұлыбритания мысалында» Латипова Салиха 1 курс маг. дінтану. Ғылыми жетекшісі: Сихымбаева Дамира.

ІІ  дәрежелі дипломға «Қазақ тілінің қалыптасуындағы шетел тілінің орны». Кенжеева Амина 2 курс, исламтану. Ғылыми жетекші: Құлбекова Б.Р

ІІІ дәрежелі дипломға «Діни конфликт: себептері мен шешу жолдары» Ертихалова Арманай 2 курс, дінтану. Ғылыми жетекші: аға оқытушы Есімқұлов Е.Н.

ІІІ дәрежелі дипломға «Қазақ әдебиетшілердің ХІХ-ХХ ғасырлардағы исламға көзқарасы». Идрисов Сұлтан 2 курс, дінтану.  Ғылыми жетекші: Бұлан Жоламан.

Ал Исламтану бөлімі бойынша:

I дәрежелі дипломға «Панисламизм және зайырлы мемлекет». Естай Қалмұрат 3 курс, исламтану. Ғылыми жетекшісі: PhD докторант, аға оқытушы, Е.Есімқұлов.

ІІ  дәрежелі дипломға «Лингвистический анализ учебно-научных текстов».  Тойгажинов Арсен 2 курс исламоведение. Научный руководитель: Капасова Д.А.

ІІІ дәрежелі дипломға «Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзіндегі діни көзқарастарын  талдау». Халбаева Жадыра 2 курс, дінтану. Ғылыми жетекші: Баракбаева Т.А.

Конференцияны ұйымдастырушысы, дінтану кафедрасының доценті, PhD, Дүйсенбаева Альбина шараны қортындылай келе. жүлделі жобалар конкурстың ІІ-сатысына өтіп, базалық университеттерге жолданатын айтты.

 

 

Ұқсас жазбалар