Имам ат-Тахауидің ақида мәтініне қатысты студенттер сынға түсті

12/03/2018

  Бүгінде ислам дініндегі сенім мәселесі өзекті тақырыптарға айналып үлгерді. Себебі жат ағымдар адамның...

 

Бүгінде ислам дініндегі сенім мәселесі өзекті тақырыптарға айналып үлгерді. Себебі жат ағымдар адамның ең осал тұсы осы сенімге қатысты сауалдарды көтеріп, ғасырлар бойы қалыптасқан санасына ғана емес, сеніміне селкеу түсіруде. Соның салдарынан ел ішінде діни көзқарас қайшылықтары бой көтеріп, қарапайым адамдар зардап шеге бастады. Сондықтақ Нұр-Мүбарак университеті болашақ исламтанушыларды бұл тақырыпта классикалық еңбектерді оқытуға барынша күш салуда. Соның дәлелі жоспарлы дәрістерден бөлек қосымша сабқтар ұйымдастырылып, шәкірттердің білімдерін шыңдауы.

Жоба жетекшісі «Исламтану» кафедрасының оқытушысы Ризабек Батталұлы мен Жастар комитетінің  ұйымдастыруымен «Имам ат-Тахауидің ақида мәтінін жатқа оқу» сайысына іріктеуден өткен 10 студент қатысты.

Мәтінді жатқа оқу, қазақша аударып, мағынасын ашу, түрлі мәселелерге мәтіннен дәлел келтіру, мәтінді жалғастыру сынды 4 этапта өтті. Ал қазылар алқасы ғылым докторы Мадих, докторанттар Ризабек Батталұлы, Құрмет Смағұлов, Нұржан Стамбакиев. 6 ер, 4 қыз студенттер арасында өте тартысты өткен білім сайысы қатысушылардың білімдерін шыңдап қана қоймай, көрермендерге әрі пайдалы болды.

Сонымен 1-орын Насиба Касимбекова (2-курс); 2-орын Қазыбек би Пернебек (2-курс); 3-орын Абылай Кенжалы, Төрехан Нажмиддинов (2-курс студенттері) иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді.

Қазылар алқасы қатысушылардың білімге құштарлығына алғыстарын жаудырып, Алла жолында жеңісті де жемісті, ел игілігі үшін пайдалы екі дүниелік ілімді тереңірек сусындауға тілектестіктерін білдірді.