Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Ислам конференциясы ұйымы аясында жаңа жобалар жасау мәселесі талқыланды

29/03/2017

turk2017 1

Бүгін „Нұр-Мүбарак„ университетіне Ислам конференциясы халықаралық ұйымының Стамбулдағы Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зертеу орталығының директоры Халид Ерен мырза арнайы ат басын тіреді.

Университет проректоры, профессор Шамшәдин Керім бастаған бірқатар басшылық өкілдері, ғалымдар, сондай-ақ ислам тарихының зерттеушісі, т.ғ.д., профессор Әшірбек Мүминов мырзалар Халид Ерен мырзамен келелі сұхбат жүргізді.

Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) — Ислам елдерінің саяси-экономикалық, мәдени-рухани, білім саласында өзара тығыз әріптестік қарым-қатынас орнату үшін құрылған. Қазір бұл ұйымға Африка, Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Орта Азия, Латын Америкадағы барлығы 57 мемлекет мүше. Біздің еліміз 95 жылы мүшелікке кірген ИКҰ-ның 11 аймақтық конгрестері жұмыс істейді. Ал 1980 жылы құрылған Стамбулдағы орталықтың негізгі бағыты: ислам тарихын, сәулет, қолөнер, калиграфия, сондай-ақ исламның мәдени мұралары мен жәдігерлерін зерттеп, өңдеп халыққа наисхаттаумен айналысады.

Нұр-Мүбарак„ университетін көзбен көріп, жан-жақты танысқан Халид Ерен мырзамен әңгіменің ауаны алдағы уақытты бірге конференция, симпозиум, форумдар өткізу жөнінде өзара ұсыныс көтерілді. Дәл қазіргі уақытта осы ұйым жобасымен отандық ғалым, профессор, Әшірбек Мүминов мырза еліміздің батыс өлкесіндегі ислами-тарихи мұралалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауда.

Осылайша, бүгінгі басқосуда ИКҰ құрамындағы Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зертеу орталығы мен „Нұр-Мүбарак„ университеті арасында жаңа жобалар жасау мәселесінің басы ашылды.

turk2017 2

turk2017 4

Ұқсас жазбалар