Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Қабылдау науқаны қыза түсуде

27/06/2016

«Нұр-Мүбарак» университетінде дәл қазіргі күндері қабылдау науқаны қыза түсуде. «5В021500 — Исламтану»  (ерлер және қыздар бөлiмi, орыс бөлімі), «5В020600 – Дiнтану», «5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтары бойынша талапкерлерден құжаттар қабылдануда. Құжат қабылдаудың соңғы күні 1 шілде, яғни 2-7  шілде аралығында исламтану мен дінтану мамандықтары бойынша шығармашылық емтихандар басталады. Өздеріңіз байқағандай, биылғы өзгеріс дінтану мамандығы бойынша. Яғни биыл талапкерлер бұл мамандықтан    «Кәсіпке жарамдылық» және «Дін негіздері»  пәні бойынша бір ауызша, бір жазбаша түрде шығармашылық емтихан тапсырады. Ал исламтану мамандығынан жылдағыдай ақида-фиқһ, Құран тәжуиді бойынша білім деңгейі сарапқа түседі.

Ал  «5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» мамандығы бойынша құжаттар қабылдау жалпы ереже бойынша 4 шілдеге дейін. 5-16 шілде аралығында арнайы пән бойынша емтихан 2 кезеңнен тұрады: 1- психологиялық тест, 2- педагогика негіздері бойынша өткізіледі.

Кешенді тестілеудің өту мерзімі 17-23 шілде аралығында. Аталған 3 мамандық бойынша да тесттік емтихан Қазақстан тарихы мен қазақ тілі пәндері бойынша өткізіледі.

Мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 23-31 шілдеге дейін.

Екінші жоғары білім алуға Нұр-Мүбарак университетінде  «5В020600–Дiнтану» мамандығы бойынша сырттай бөлімге құжат қабылдау 1 тамызға дейін. Бұл талапкерлер оқуға сұхбаттасу арқылы қабылданады.

 

 

ФОТОБАЯН

 

talapker1

 

talapker2

 

talapker3

 

talapker4

 

talapker5

 

talapker6

 

talapker7

 

talapker8

 

talapker9

Ұқсас жазбалар