Қабылдау науқаны қызу жүруде

12/06/2017

Бүгінге дейін 150-ге жуық талапкер құжат тапсырған.

      Биыл жоғары оқу орындарына талапкерлердің құжаттарын қабылдау жылдағыдан 20 күнге ерте басталды. Сондықтан, бұл жаңалық жұртшылыққа әлі толыққанды жетпеу ықтималдығы басым екендігі белгілі. Дегенмен, Нұр-Мүбарак университетіне тапсырушы талапкерлер жаңалықтан жырақ қалмай құжаттарын тапсыруда. Бүгінге дейін 150-ге жуық талапкер құжат тапсырған.

      20 маусымда орта мектепті бұрын бітірген талапкерлердің құжат тапсыруы тәмамдалып, биылғы түлектердің құжат тапсыруы басталып, ол 7 шілдеде аяқталады. Осылайша 8 шілде мен 13 шілде аралығында барлық талапкерлер үшін шығармашылық емтихан басталады. Ал 17-23 шілде аралығында кешенді тестілеу емтихандары, бірақ мектептің биылғы түлектері ҰБТ балымен қабылданады. Яғни биылғы орта мектеп түлектері жоғары оқу орындарына түсу үшін қабылдау науқанында тек шығармашылық емтихандарын тапсырады.