Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Қашықтан білім беру технологиясын ұйымдастыру және жүргізу туралы түсіндірме жұмыстары басталды

16/03/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің барлық оқытушы-профессорлық құрамы мен білім алушыларына «Қашықтан білім беру технологиясын» қолдана отырып, білім беруі мен оқыту жұмыстары 16 наурыздан басталды.

Бұл туралы академиялық мәселелер департаментінің директоры, дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сандыбаев оқытушылармен өткен жиналыс барысында мәлімдеді.

Сондай-ақ оқу-әдістемелік басқарма басшысы Мұратхан Махмет оқытушыларға сабақ кестесі бойынша студенттерге онлайн түрде лекциялары оқылып, тапсырмалары берілуі керектігін айтты.

Одан өзге М.Махметхан бітіруші курс студенттерінің практика және оны қорғау жұмыстары  кейінге шегеріліп, педагогикалық практика уақытша тоқтайды дей келе, оқытушыларға қашықтықтан білім беру технологиясын ұйымдастыру және жүргізу туралы нұсқаулығын түсіндірді.

Сондай-ақ академиялық мәселелер департаментінің бас маманы Динара Жайлауова оқытушыларға қашықтықтан оқыту режиміне сәйкес platonus  платформасын қолдану нұсқаулығын пайдалану туралы шолу жасаса, стратегиялық даму бөлімінің жетекші маманы Мәжит Жүнісбеков студенттер үшін қашықтан оқытуға тиімді telegram web бағдарламасы туралы айтты.

НҰСҚАУЛЫҚ

 

Ұқсас жазбалар