Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Кәсіби бейімділік бағытында онлайн кеңес өтті

03/07/2020

Нұр-Мүбарак университетінде Дінтану кафедрасының ұйымдастыруымен Zoom  платформасында «Дінтану», «Теология» мамандықтарының бакалавр деңгейіне тапсырушы талапкерлер үшін доцент А.Қ.Дүйсенбаева кәсіби бейімділік бағытында онлайн кеңес өткізді. Семинарға қатысушы талапкерлер 1 сағат аралығында өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап алып, сонымен қатар шығармашылық емтихан бағдарламасымен танысты. Бұл бағдарлама аталған мамандықтар бойынша шығармашылық емтихан сұрақтарынан және әдебиеттерінен тұрады. Сілтемесі университетіміздің сайтында берілген. https://nmu.kz/kk/talapker-2/

Одан өзге Альбина Құрақбайқызы талапкерлерді шығармашылық емтиханға дайындалу үшін негізгі дерек көздер және ұсынылатын әдебиеттермен таныстырды.

Талапкерлердің негізгі сұрақтарының бірі  – «Болашақта қандай қызметтер атқара аламыз, қандай салада жұмыс істейміз?» деген сынды сұрақтарына жауап берілді.

«Дінтану» және «Теология» мамандықтарының ерекшеліктері және болашағы туралы пайдалы ақпараттар ұсынылды.

Кәсіби бейімділік бағытында өткен онлайн кеңесте талапкерлер ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдіріп, университетіміздің табалдырығын аттауға асығыс екендіктерін жеткізді.

Барлық талапкерлерімізге сәттілік тілейміз!

Ұқсас жазбалар