Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Кәсіби бейімділікті арттыруға арналған курстар онлайн жүйеге көшті

12/04/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің ұйымдастыруымен әрбір оқу жылында барша студенттерге араб тілі мен ислам шариғатының әр саласы негізінде бір кітап жүйесі бойынша арнайы қосымша курстар өтеді. Бүгінгі карантин жағдайында кәсіби бейімділікті арттыруға арналған курстар сабағы онлайн жүйеге көшті.

Атап айтсақ, қашықтан оқыту бойынша 3 курстың 11 студенті Ибн Хаджар әл-Асқаланидің «نزهة النظر» (Хадис ілімі), Әбдуль Ғани әл-Майданидің «اللباب في شرح الكتاب» (Фиқһ ілімі), Роғиб Ас-Сиржанидің «الموسوعة الميسرة في التاريخ الإسلامي» (Ислам тарихы), Абдуллах ибн Махмуд аль-Мусылидің «الاختيار لتعليل المختار» (Фиқһ ілімі), Әбдуль Карим Зайданидің «الوجيز في شرح القواعد الفقهية» (Фиқһ методологиясы) және Ахмад Ад-Даманхуридің «يضاح المبهم من معاني السلم» (Мантх ілімі) кітаптары бойынша whatsapp, telegram әлеуметтік желілері мен skype бағдарламасы арқылы аудио-видео форматта университет оқытушылары: Сарыпбеков Асқарбек, Қамбар Руслан, Алпысбаев Ерғали, Садыбаев Құрманғазы, Смағұлов Нұржаннан дәріс алуда.

Бүгінгі таңда кәсіби бейімділікті арттыруға арналған курстың оқу жоспарына сәйкес, 2 курстың 44 студенті Нұр-Мүбарак мешітінің наиб имамы Орынбасаров Жалғастың жектешілігімен Әбдуль Ғани әл-Майданидің «اللباب في شرح الكتاب» атты еңбегінің қысқартылған «اللباب تيسير» (Жинаят бабы) кітабын аяқтап, онлайн форматта тест тапсырып жатыр. Аталған онлайн тесттен өткен студенттер ары қарай Махмуд Ат-Таханның «مصطلح الحديث» (Хадис ілім) және Әбу Хафс Ибн Исқақ Әл-Ғазнауидің «شرح العقيدة الطحاوي» (Ақида) кітаптарын онлайн жүйеде оқитын болады.

Сондай-ақ университіміздің қысқартылған 1 курстың 41 студенті Хасан бин Аммар би Али Әш-Шурунбуләлидің «مراقي الفلاح شرح نور الإيضاح» (Фиқһ ілімі, ғибадат бөлімі) және «ملخص قواعد اللغة العربية» (Араб тілі грамматикасы) кітаптарынан дәрістерді жүйелі түрде ютуб желісі арқылы алуда. Жетекші: Орынбасаров Жалғас.

Одан өзге 1 курстың 80 студенті Араб тілінің ситаксисі (наху) және морфологиясы (сарф) сабақтарын Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің бас маманы Шимтемиров Мейрамбек оқытушыдан whatsapp, telegram, ютуб желілері арқылы аудио-видео форматта дәріс алуда.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде де студенттердің сабақтарын қадағалап, білімдерін жалғастыру үшін қашықтан оқыту форматына сай барша мүмкіндіктерді қарастырып отыр.

 

Ұқсас жазбалар