Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАННЫҢ ШАРАПАТЫ МЕН  ОРАЗА АЙТТЫҢ БЕРЕКЕСІН ТІЛЕЙМІН!

04/06/2019

 

 

 

Құрметті  мұсылман бауырлар! Қазірдің өзінде жүрегімізде қимастықпен бірге сағынышты  орнатып, 11 ай бойы асыға күттіретін айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан аяқталып, мүбарак Ораза айтын қарсы алып отырмыз.  Алла Тағаланың мұсылман әлеміне ерекше сый етіп берген айт мерекесі құтты болсын.  Бір ай бойы мұсылман қауымы Аллаға алақан жайып, ел амандығы мен жұртымыздың тыныштығын, имандылық пен баянды болашақ, салиқалы ұрпақ  үшін дұға жасап, қасиетті Құранды хатым етіп,  тарауих намаздарын оқып,  жақсылықта жарыса қайырымдылық шараларын жасап, ауызашарларда бірігіп, өзара бірлікті, қоғамымыздағы ынтымақ-берекені арттыра түскені белгілі. Алла Тағаладан қасиетті Рамазан айының шарапатын сұрап,  ізгі амалдардың барлығы еселеніп, тұтқан ораза, жасаған құлшылық амалдар мен дұға-мінәжаттардың қабыл болуына тілектеспіз. Қасиетті Ораза айт баршамызға құтты-беркелі болсын!

Ұқсас жазбалар