• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • ҚМДБ-ның 6 өкіл имамы Нұр-Мүбарак университетінің болашақ түлектерімен кездесті

ҚМДБ-ның 6 өкіл имамы Нұр-Мүбарак университетінің болашақ түлектерімен кездесті

09/04/2019

    Биыл Нұр-Мүбарак университетін «исламтану» мамандығы бойынша 180-ге жуық түлек тәмамдайды. Осыған орай...

 

 

Биыл Нұр-Мүбарак университетін «исламтану» мамандығы бойынша 180-ге жуық түлек тәмамдайды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аймақтардағы 6 өкілі, одан өзге медресе, бірнеше дін істер басқармалары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары болашақ исламтанушылармен жүздесті.

Тәрбие және дін істері бөлімінің меңгерушісі Оралхан Сейдманов жұмыс берушілермен таныстырып, болашақ түлектердің еңбек жолын ел ішінде бастаудың артықшылығына тоқталды. Нақтыласақ, Алматы облысы бойынша Қуаныш Бақытбекұлы, Маңғыстау облысынан Смайл Сүйерқұлұлы, ШҚО-дан Ермек Тасболатұлы, Мақсат Қуанышұлы, Түркістан облысынан Мұсабек Ақтамберді, Шымкент медресесінен Талғат Әсембай, Жамбыл облысынан Қанат Жұмағұл, Маңғыстау облысы ДІБ басшысы Ерлан Есбергенов, ШҚО ДІБ басшысы Әнуар Абуллин, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Болат Досов мырзалар кезек-кезек сөз алып, өз өңірлеріне қатысты ақпарат берді.

Кездесу соңында болашақ түлектер де өз пікірлерін білдіріп, таңдаған  аймаққа жұмысқа орналасу ниеттеріне сай жұмыс беруші өкілдермен кездесті.