Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша бас имамы мен Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы аймақтық студенттермен кездесті

06/12/2019

Нұр-Мүбарак университетінде 59 ақтөбелік студент білім алуда. Кездесудің негізгі мақсаты – 2019-2020 оқу жылында исламтануды бітіретін болашақ 16 түлекті облысқа қызметке тарту. ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша бас имамы Төлеби Оспан мен Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Туралиевпен бірге кездесуге университет проректоры доцент Қайрат Құрманбаев та қатысып, жастарға елге қызмет етудің маңыздылығын сөз етті. Университет оқытушысы Асқар Сабдин өз кезегінде студенттерге Отанға қызмет етуге қатысты ой-пікірін ортаға салып, мотивация берді.

Жас мамандарға облыста нақты қандай жағдай жасалатыны жөнінде басқарма басшысы Әлімбек Жәнібекұлы айтып өтті. Одан бөлек биыл облыс әкімі діни кадр дайындау мақсатында облыстан исламтану мамандығына 8 грант бөлді.

Ақылы бөлімде оқитын 5 студенттің оқу ақысын төленді. Ақтөбе өкілдігінің өзі жыл сайын қаншама ақылы бөлімнің студенттерінің оқу ақысын жамағатты жұмылдыру арқылы төлеп келеді. «Мұның барлығы да – діни кадр дайындауға деген қолдау. Жалпы алғанда медресе мен университетте ақтөбелік 181 жас діни білім алуда. Ендігі кезек осы азаматтардың жауапкершілікті сезініп елге діни қызметке оралуында. Алла сәттілік пен дұрыс шешім қабылдауды нәсіп етсін!» — деді Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан. Студенттер де ағалық қамқорлық көрсетуші басшыларға ізгі тілектерін жаудырды.

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар