Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрі „Нұр-Мүбарак„ университетіне алғыс білдірді

26/12/2016

gramot2016-1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Нұр-Мүбарак университетінің ректоры доктор, профессор Жуда Абдулғани Басюни мен проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзаларды, ұстаздар теология ғылымдарының докторлары Мұхитдин Исаұлы мен Алау Әділбаевтарды Құрмет грамотасымен марапаттады.

Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары мен оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін„ құрметке ие болған ардақты ұстаздар бүгінгі қоғамымызға аудаай қажет исламтанушы, білікті имамдар мен дінтанушыларды даярлаумен қатар ел ішіндегі Ислам дініне қатысты ғылыми іс-шараларда белсене ат салысуда. Ғылыми баяндамалар мен мақалалар, сұхбаттар берумен қатар кітаптары да жиі жарық көруде. Сондықтан „Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын„ дегендей, ел игілігі үшін ең етіп жүрген ғалымдарға Алла сансыз сауаптан жазсын демекпіз.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұл құрмет марапаты ұстаз-ғалымдарға ғана емес иманды болашақ үшін ат салысушы бүкіл университет ұжымына деген сенім екені даусыз.

Нұр-Мүбарак„ университетінің баспасөз қызметі

gramot2016-2

Ұқсас жазбалар