Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісі – 2020» жобасы бойынша Нұр-Мүбарак университеті үздік атанды

15/05/2020

Нұр-Мүбарак университеті Қазақстанда сұранысқа ие  жоғары оқу орындары арасында Ұлттық рейтинг көрсеткіші бойынша алғашқы ТОП-20  университеттің қатарына енді.

Рейтингке қатысуға республика бойынша 89 ЖОО өтініш беріп, 1939 білім беру бағдарламасы тіркелген.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізген жоғары оқу орындар арасында «ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісі – 2020» жобасы бойынша Нұр-Мүбарак университеті  Қазақстан бойынша қатысқан 89 университеттер арасынан алғашқы ТОП-20 үздік университеттер қатарында келеді.

Ұлттық рейтингте университеттің 6 білім беру бағдарламалары қатысып, оның алтауы да жүлделі бірінші орынға ие болды. Қатысқан мамандықтар: Исламтану – бакалавриат, магистратура, докторантура. Дінтану – бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлері.

Осылайша, Нұр-Мүбарак университеті мамандарды даярлау саласында университтердің институционалдық (жалпы) рейтінгісінде еліміздегі ең үздік 20 оқу орнының арасында алдыңғы қатарға көтерілді. Бұл жайлы «Казахстанская правда» газетінің 15 мамыр 2020 жылғы №094 (29221) нөмірінде және  www.kazpravda.kz  ресми сайтында жарияланды.

Оқу бағдарламасының тобы: Балл Орын
В033 – Дін және Теология (Исламтану, Дінтану) 2347 1
М051 – Дін және Теология (Исламтану, Дінтану) 352 1
D051 – Дін және Теология (Исламтану, Дінтану) 1782 1

 

Ұқсас жазбалар