• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Құқық мәселелеріне қатысты Нұр-Мүбарак студенттерінің белсенділігі жоғары

Құқық мәселелеріне қатысты Нұр-Мүбарак студенттерінің белсенділігі жоғары

14/11/2017

Алматы қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Бауыржан Молдажан мен аға прокурор Сәбит Төлегенов мырзалар студенттермен кездесті

«Құқық қорғау, заң мәселелерін қадағалау, қылмыстың алдын алу шаралары сынды қоғам үшін аса маңызды сауалдарға қатысты студенттердің белсенділігі жоғары екен…»,-деді Алматы қалалық прокуратурасының өкілдері Нұр-Мүбарак университеті студенттермін өткен кездесуге қатысты.

Бүгін Алматы қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Бауыржан Молдажан мен аға прокурор Сәбит Төлегенов мырзалар студенттермен кездесу алдында қалалық прокуратура тарапынан әзірлернген бейнероликті ұсынды. Онда жасөспірімдердің қылмыс жасауға қалай бой алдыратынын, алайда заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайтыны секілді заң алдында жауап беру жайын да қамтыған.

 

Прокурорлар бұл бейнесюжеттің өмірден алынғандығын айтып, қазіргі кезде қоғамдағы түрлі қылмыстардың алдын алуға қатысты мәселелерге тоқталды. Осыған орай студенттер сауалдарына да кезек берілді. Жастар прокурорларға  өздерін мазалаған тіпті тақырыптан тыс құқықтық мәселелерге қатысты сауалдарға дейін қойып жатты. Қазіргі қоғамдағы түрлі қылмыс, алаяқтық сынды толық жатқан түйткілдердің алдын алу үшін осы елдің азаматы ретінде қандай шаралар жасасақ болады деген сауалдарына ақыл-кеңестер  алып жатты.

Қыздар тарапын негізінен орамал  мәселесі, әсіресе жұмысқа орналасу, қоғамдық орындарда түрлі келеңсіз көзқарастар мен ауыр сөздер еститін жағдайларда заң тұрғысынан қорғану жағдайы қызықтырды.

Кездесу соңында жастардың белсенділігіне ризашылығын білдірген прокурорлар мұндай кездесуді жиі өткізуге болады екен деген ойларын айтты. Прокурор Бауыржан Молдажан университет ұжымына:

  • Өзге оқу орындарға барғанда студенттер тарапынан көбіне селқостық байқалады. «Біздің қолымызда не тұр» дегендей немқұрайлылықты аңғаратынбыз. Ал Нұр-Мүбарак университетінің студенттері өз сауалдарын қойып, қоғамдағы түрлі салаларды қамтитын өзекті тақырыптарға да қатысты ойларына біздің пікірімізді сұрап жатты. Бұл өте қуанышты жағдай. Себебі қылмыстың алдын алу, қоғамдағы тәртіпті күшейтуге қатысты жастардың үлесі басым ,-деп жылы лебіздерін білдірді.

Университет басшылығы да жастар арасындағы құқықтық сауаттылық пен жауапкершілікті күшейтетін шараларға қашанда қолдау көрсететінін айтып, прокурорларға алғыс білдірді.