Құран жарысының жеңімпаздары анықталды!

15/04/2017

Қасиетті Құран жарысына 50 үміткер ниет білдіріп, 21 қари ақтық сында бақ сынады.

Koran 2017 1

 

Нұр-Мүбарак„ университетінде Раббымыздың қасиетті сөздері Құран Кәрімді жаттаушы жаңа жеңімпаздар анықталды.

Студенттер арасындағы Құран сайысы 4 бағыт: 2,3,5,15 паралар бойынша өтті. Жалпы 50 бала бір күн бұрын өткен іріктеу сатысына қатысып, ақтық сынға 21 үміткер іріктелді. Қазылықты университетіміздің білікті де ғалым ұстаздары, Құран Кәрім хафиздары Еркінбек Шоқай, Саид Хасан Хусейн Бакри, Имад Мұхамед Әл-бәрғи Мұхамед Зағлул, Саидмұхаммед Абдунаим мырзалар жасады.

Ең әуелі проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза Құранның қасиетін, Оны жаттаудың жауапкершілігін, университеттің осы жолда атқарып жатқан жоспарларына қысқаша тоқталып, үміткер қариларға сәттілік тіледі.

Қазылар алқасы негізінен бағаны 3 тәртіпте қарады: жаттауға -60, тәжуидке-30, дауысқа -10. Бұл әлбетте, әлемдік деңгейдегі Құран жаттаушыларға қойылатын басты талаптардан. Сайыс оңай болған жоқ, „Бақ шаба ма, бап шаба ма?„- демекші, жаттағанын ұмытып, мүдіріп жатқандар да бар. Сондықтан жалпы қорытынды бойынша, қазылар алқасы жан-жақты шешім шығарды:

15 пара: 1. Мұхаммедсали Табын (3 курс);

2. Абдусамат Әшімжан (3 курс);

3. Мұхаммедамин Басиев (1 курс).

5 пара: 1. Сырым Шакизада (магистрант);

2. Ахад Құралов (3 курс);

3. Шыңғыс Садуов (2 курс).

3 пара: 1. Нұрбол Долдаев (1 курс);

2. Бекмұрат Әлібек (3 курс);

3. Жайнат Құсан (3 курс).

2 пара: 1. Ердәулет Әбдірасилов (1 курс);

2. Мұратхан Набиғалиев (1 курс);

3. Қуаныш Бугуев (1 курс).

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларға проректор, профессор Шамшәдин Керім бастап қазылар алқасы арнайы „Алғыс хат„ пен ақшалай сыйлық табыс етілді. Барлық қатысушыларға „Алғыс хат„ жарияланды.

Дегенмен, бұл бәйгеге қатысушылардың барлығын жеңімпаз деуге болады. Себебі олар қасиетті Құранды жадында жаттап, жүректеріне сақтауға ұмтылған талапкерлер. Яғни, бұл бәйге олар үшін шыңдалу, білімдерін ширату болмақ. Сондықтан проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза қасиетті Құран жарысын ұйымдастырушыларға „Нұр-Мүбарак„ мешіті, Жастар комитеті, ұстаздарға зор алғыс білдірді.

Құран Кәрімде: „Қашан Құран оқылса, Оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мейірімге бөленерсіңдер„ („Ағраф„ сүресі 204-аят) деген Раббымыздың уәдесі бар. Сондықтан, Алланың сөзін жадында жаттаған жандарға құрмет көрсетіп, мерейін өсірген, ел берекесін арттырар осындай игі шараларды ұйымдастырушыларға Алланың нұры жаусын!

Koran 2017 2

Koran 2017 3

Koran 2017 4

Koran 2017 5

Koran 2017 6

Koran 2017 9Koran 2017 8

Koran 2017 10

Koran 2017