Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

       ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ ТАЛАПКЕР!          

23/09/2016

                 

                     dainkurs1

    

 

 

                    

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Дайындық курстары   жаңа оқу жылына  шәкірттер қабылдайды.  Дайындық курстарының заманауи үлгіде салынған кешенді оқу ғимараттары  Алматы облысы Талғар және Балқаш аудандарында орналасқан. Арнайы жабдықталған бөлмелер, бай кітапхана,  жатар орны, асханасы барлығы талапқа сай, шәкірттердің үздіксіз білім алуына бүкіл  жағдай  жасалған.

Нұр-Мүбарак  университетінің  оқу бағдарламасына сай  және Бірыңғай ұлттық тесттегі   емтихан пәндеріне  дайындық ретінде білікті ұстаздар дәріс бермек. Нақтырақ айтсақ, ислам ақидасы, фиқһ, Пайғамбарымыздың (с.а.у) өмірбаяны, Құран тәжуиді, араб тілі, Қазақстан тарихы мне Қазақ тілі сынды пәндерден дәріс жүргізіледі.

 

Дайындық курсына орта мектепті тәмамдаған  жасы 30-ға толмаған ислам  шарттарына  бойұсынушы талапты, қабілетті  жастар қабылданады. Жатар орын, ас-тағамдары толықтай тегін.

Құжаттар   қазанның 22 жұлдызына дейін қабылданып, 25-30 қазан аралығында сұхбат өткізілмек.

Қажетті құжаттар:

  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  4. 3×4 мөлшердегі 6 фотосурет;
  5. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флюрография түсірілімі;
  6. Наркологиялық анықтама;
  7. Сотталмағандығы туралы анықтама.

 

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73,  «Академиялық қалашық» аялдамасы.

Телефондар: 8 /727/302-09-42.

Факс: 8/727/ 302-09-30.

Ұялы тел: 8747 190 71 91

Сайт: www.nmu.kz      E-mail: nur-mubarak2001@mail.ru  

 

 

bakanas1

 

bakanas

 

bakanas2

 

bakanas3

 

bakanas5

 

bakanas6

 

bakanas7

 

bakanas8

 

bakanas11

 

bakanas14

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар