• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысына жуырда тағайындалған жаңа өкіл имам Болатбек Абуов студенттермен кездесті

Қызылорда облысына жуырда тағайындалған жаңа өкіл имам Болатбек Абуов студенттермен кездесті

27/02/2018

Рухани білімге шөліркеген ауыл-аймаққа ата дініміздің асыл құндылықтарын жеткізу өзекті күйінде.

Сыр өңіріндеде 200-ге жуық мешіт болса, оның басым бөлігінде арнайы білімі бар имамдарға зәру. Яғни Нұр-Мүбарак университетінің түлектерінің жетіспеушілігі елімізде өзекті күйінде қалып келеді. Бұл жөнінде өткен жұмада ғана Қазақстан мсұылмандары діни басқармасының Қызылорда облысындағы өкіл имамдығына тағайындалған Болатбек Абуов бүгін Нұр-Мүбарак студенттерімен болған кездесуде хабарлады. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаның сеніммен тағайындаған аманатын қабылдай отырып, облыстағы ахуалмен, мамандармен танысып үлгерген Болатбек Абуов жалпы Сыр өңіріндегі діни ахуалға тоқталып өтті.

  • Қызылорда облысы тұрғындардың қазақылығымен, дінге деген көзқараымен ең тұрақты аймақтардың бірегейі. Облыстағы жат ағым жетегіне ергендер жіті бақылауда. Олардың арасында қате қадамдарын түсініп, өзіміздің дәстүрлі жолға қайтып жатқандары бар. Әлбетте облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың дінге деген қамқорлығы да өз нәтижесін беруде. Біз ҚМДБ-ның, Бас мүфтидің бізге артып отырған сенімін білім мен бірлік арқылы нәтижелі ететінімізге сенімім мол,-деді Болатбек Ұласқанұлы студенттерге.

Студенттерге жалпы аймақтағы ахуалды айта келе, жас мамандардың ел ішінде ауадай қажеттігін, сол үшін жастардың ел болашағы, дін игілігі үшін қызмет етуге шақырды. Рухани білімге шөліркеген ауыл-аймаққа ата дініміздің асыл құндылықтарын жеткізу өзекті күйінде. Студенттерге Нұр-Мүбарак университетінің жаңадан тағайындалған Аппарат басшысы Рахымжан Әкімбеков те білім мен біліктің қашанда қолдау табатынын айта келе, оған кешегі әріптесі, бүгін бір облыстың аманатын арқалаған Болатбек Абуовтың мысалын айта келе, сәттілік тіледі. Кездесу соңында Болатбек Ұласқанұлы жастардың білім алуына барынша қолдан келгенше барынша қолдау білдіретінін айта келе, биылғы түлектермен етене сұхбатын жалғастырды.