Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Қызылорда облысының әкімі 19 студентке қолдау жасады

04/04/2018

 

 

 

Қызылорда облысынан Нұр-Мүбарак университетінде 80-ге жуық студент білім алады. Олардың көбісі мемлекеттік гарнтта. Ал ақылы бөлімдегі 19 студенттің жылдық оқуақысы мен жатақхана ақысын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бюджеттен тыс демеушілерді ұйымдастыруымен арнайы грант етіп тағайындады.

Бұл шараны ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Болатбек қажы Ұласқанұлы Нұр-Мүбарак университетіне арнайы келіп, облыс әкімінің грантына ие болған студенттермен кездесу өткізіп, үшжақты келісімшарт жасады.

 

Университет ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюнидің қатысуымен өткен кездесуде өкіл имам өңірімізде білімді де білікті кадрлардың сұранысы жоғары екенін жеткізіп,  облысымыздағы қалаған мешітке жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен бітіруші түлектерге ұсыныс жасады. Нәтижесінде 11 түлек өңірімізге мешіттерде қызметке келуге келісті.

Шәкірттер ел азаматтарының жасап жатқан қамқорлығы мен мүмкіншіліктері үшін дән риза. Өздеріне артылған үмітті ақтап, елімізге, дінімізге адал қызмет ететіндіктеріне сенімдері кәміл, мақсаттары айқын.

Ұқсас жазбалар