Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Қызылорда облысының әкімі  Қ.Көшербаев студенттерге ас берді

03/04/2018

 

 

Бүгін Қызылорда облысының әкімі қырымбек Көшербаевтың атынан Нұр-Мүбарак университетінде білім алушы  80-ге жуық студенттерге дастархан жайылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Абуов  студенттердің басын қосып, облыс басшысының  жастарға деген  жылы лебізін сенімін, білім алып, елге қызмет етуге қатысты аманатын жеткізді.

Сыр өңірінде дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар, облыс басшылығы тарапынан имамдарға жасалып жатқан қолдау,  студенттердің тұрақты оқуақысы мен жатын орындарының ақысын төлеу барлығы да соңғы жылдары облыс әкімі тарапынан тұрақты қолға алынған игі шара.

  • Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының ата дінімізге қатысты жасап жатқан қолдауы аймақтағы діни тұрақтылықты сақтап,  жат діни ағымдарға қарсы тұруда үлкен нәтиже беруде. Сондықтан бұл тәжірибе өзге облыстарды да қызықтырып, олардың да студенттерге демеу жасап, жас мамандарға қолдау көрсетуі  ҚМДБ-ның да қызметіне құрмет екені рас , — деді өкіл иам Болатбек Ұласқанұлы.

Студенттер үшін елағаралырының осындай қамқорлығы үміттерін үкілеп, талаптарына қанат бітіргендей. Олар да жазғы  маусымда, өндірістік тәжірибе уақыттарын туған жерге барып қызмет етуге деген талпынысын арттыра түскендей.

 

 

Ұқсас жазбалар