Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Магистратура бойынша грант иелерінің тізімі жарияланды

09/09/2020

Магистратура дәрежесі бойынша мемлекеттік білім гранттарына ие болғандардың тізімі жарияланды.

Бұл туралы толық тізімді ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайты мен Telegram каналынан көруге болады.

Еске салсақ, биыл Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің магистратурасына мемлекеттік білім грантынан 7М02201 – Исламтану  мамандығы бойынша 17, ал  7М02202 – Дінтану саласына 9 грант бөлінді.

Сондай-ақ докторантураға  8D02201 – Исламтану мамандығына 2 грант, одан өзге 8D02202 – Дінтану бойынша  5 грант тағайындалды.

14 қыркүйекте магистранттар үшін жаңа оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Нақты ақпаратты ЖОО алуға болады (толығырақ: https://t.me/edu_news_qz/971).

Ұқсас жазбалар