Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Магистратура деңгейіне тапсырушы талапкерлерге арналған онлайн кеңес өтті

09/07/2020

Нұр-Мүбарак университетіндегі «Дінтану» кафедрасының ұйымдастыруымен Zoom  платформасында 7М051 «Дінтану», «Теология» мамандықтарының магистратура деңгейіне тапсырушы талапкерлер үшін доцент А.Қ.Дүйсенбаева кәсіби бейімділік бағытында онлайн кеңес өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – Аталған мамандықтарға тапсырып отырған талапкерлер үшін карантин жағдайында өздерін қызықтырып отырған сауалдарына кәсіби жауап беру, сондай-ақ еліміздің өзге де қалаларынан тапсырып жатқан талапкерлер үшін мамандық туралы ақпараттарды қолжетімді ету.

Онлайн кеңес берген Альбина Құрақбайқызы: «Біздің ұйымдастырып отырған семинарымызға қатысушылардың барлығы алғыстарын білдіруіне көңіл бөлсек, ақпараттар өте пайдалы болды деген үміттеміз. Негізінен магистратура деңгейіне тапсырушы талапкерлер шығармашылық емтиханды тест түрінде тапсыратындықтан, біз бакалавр деңгейі сияқты дайын бағдарлама ұсына алмаймыз, алайда жалпы пән бойынша негізгі әдебиет көздері мен ғаламтор беттеріндегі электронды оқулықтар туралы кеңестер ұсынылды.

Сондай-ақ осы мамандықтарға тапсырып отырған талапкерлердің де мамандықтары туралы жан-жақты мәліметтерді ала отырып, оқу ордасына моральдық тұрғыдан болашақ кәсібіне дайын болып келуі де маңызды» деп өз ойын білдірді.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға түсуге ниеттенген барлық талапкерлерімізге сынақтардан сүрінбей өтулерін тілейміз!

Ұқсас жазбалар