• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Малайзияның Сұлтан Абидин университеті мен Нұр-Мүбарак ЕИМУ арасында келісім-шарт жасалды

Малайзияның Сұлтан Абидин университеті мен Нұр-Мүбарак ЕИМУ арасында келісім-шарт жасалды

25/04/2017

А.Есенбеков, Алматы қ.Дін істері жөніндегі басқарма басшысы: „Нұр-Мүбарак„ университетінің Алматы қаласында болуы біз үшін мақтаныш.

konf16 2017 1

Бүгін Малайзия елінің бір топ делегаттары„Нұр-Мүбарак„ университетіне ат басын тіреді. „Исламтану және араб филологиясы мәселелері„ атты XVI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға келген Сұлтан Зайнал Абидин университеті ректоры, доктор, профессор Дато Ахмад Зубайду бин ибн Латиф мырза қазақ елінде осындай діни жоғары оқу орнының болуына ризашылығын білдіріп, әріптестік байланысты күшейту мақсатына тоқталып, конференцияға сәттілік тіледі.

Нұр-Мүбарак„ ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни мырза конференция қонақтарына университетінің ел дамуындағы маңызын атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылы университетке арнайы келген кезіндегі сөзіне тоқтала келе, оқу орнының даму сатылары мен стратегиясынан хабардар етті:

— Кез келген дамыған мемлекет биік деңгейге білім арқылы қол жеткізді. Білім — өркениет бастауы. Бізді де байланыстырып отырған дінімізбен қатар осы білім мен ғылым. Сондықтан, болашақ білімді жастардың еншісінде,-деп шәкірттерге аманатқа толы сөзін жеткізді.

Конференцияның құрметті қонақтарының бірі Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар ЕСЕНБЕКОВ мырза:

— „Нұр-Мүбарак„ университетінің Алматы қаласында болуы біз үшін мақтаныш. Мұндай университеттің ашылуы да еліміз үшін тарихи жағдай. Қазір еліміздің әр аймағында дін мәселелері өзекті. Ал Алматыдағы діни тұрақтылықтың болуында „Нұр-Мүбарак„ университетінің орны ерекше. Себебі „Нұр-Мүбарак„ бүкіл елімізге, әсіресе, исламтанушылар мен дінтанушылардың сауатты мамандарын даярлап келеді. Бүгінде еліміз үшін білікті діни мамандар аса зәру. Осы жағдайда, бұл оқу орнының маңызы айрықша,-деп, университет басшылығы мен шәкірттерге сәттілік тіледі.

Халықаралық конференцияның ресми бөлімінен соң, Малайзиялық делегациямен университет басшылығы арасындағы ресми кездесуге жалғасты. СЗАУ мен Нұр-Мүбарак ЕИМУ басшылары өзара әріптестік жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Осы кезге дейін бұл екі оқу орны әріптестік меморандум арқылы байланыста болатын. Қос тарап тарихи сәттен бір-бірлеріне естеліктер табыс етіп, суретке түсті.

Ал конференцияның „Исламтану және дінтану мәселелері„,„Араб тілі және қазіргі қоғам мәселелері„ секциялары бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нұр-Мүбарак ЕИМУ, ҚР БҒМ Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары, магистранттар мен докторанттар қазіргі қоғам, дін, ислам мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптарды талқылады.

konf16 2017 2

konf16 2017 3

konf16 2017 4

konf16 2017 5

konf16 2017 6

konf16 2017 7

konf16 2017 8

konf16 2017 9

konf16 2017 10

konf16 2017 11

konf16 2017 12

konf16 2017 13

konf16 2017 14

konf16 2017 15

konf16 2017 16

konf16 2017 17