Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Мәскеу ислам университетінің өкілдері Нұр-Мүбаракта

26/09/2017

Мәскеу ислам университеті Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дамуына ерекше ден қойып отырған әріптес оқу орындарының бірі. Сондықтан аталған оқу орнының күндізгі оқу бөлімінің деканы Гульфия Хабибуллина ханым мен РФ Мұсылмандары діни басқармасының ТМД елдерімен байланыс халықаралық департаментінің басшысы Наиль Шакиров мырза арнайы ат басын тіреді.

Университет ректоры, профессор Жуда Басюнидің қабылдауында болған қонақтар қос оқу орнының әріптестік байланысына қатысты да мәселелерді талқылады. Оқу бөлімінің меңгерушісі Әли Әлмұхаметов мырза ресейлік әріптестерді біздегі оқу жүйесінің ерекшеліктерінен хабардар етті.

Мәскеулік делегацияны әсіресе Нұр-Мүбарак университетінің оқу бөлімі, Исламтану кафедрасының жұмыстары, оқу бағдарламалары және кітапхана қоры ерекше қызықтырды. Әл-Азһарлық ғалымдардың дәрістеріне кіріп, қазақ ұстаздармен тілдесіп, пәндермен танысты.

Бұл шын мәнінде кез-келген мемлекеттің қолы жете бермейтін мүмкіндік. Қазақстан мен Мысыр арасындағы білім байланысының нақты көрінісі, қазақстандық шәкірттер алысқа бармай-ақ мысырлық ғалымдардан тікелей дәріс алуда. Біз мұндай мүмкіндікті ұзақ жылдардан бері армандап, әрекеттер де жасаудамыз,-деді декан Гульфия Хабибуллина ханым.

Олар Қазақстан діни мамандарды даярлауда әлдеқайда мүмкіндігі мол екендігін айтып, әріптестеріне сәттілік тіледі.

 

Ұқсас жазбалар