Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Министр кеңесшісі саясаттанушы Айдос Сарым Нұр-Мүбарак университетіне ат басын тіреді

25/09/2018


Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев белгілі саясаттанушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Айдос Сарымды қабылдады.
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Айдос Сарыммен болған кездесуде университеттің жағдайы мен студенттер санының артуына орай туындап жатқан мәселелерге тоқталды. Себебі студенттердің сапалы білім алуы үшін аудиториялар мен жатақхана мәселесінің жеткілікті болуы өзекті түйткілдерден. Осы мәселелерді алға тартқан проректор Қайрат Құрманбаев министр кеңесшісінің уақыт бөліп еліміздегі бірегей ислами оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысқанына алғысын білдірді.
Министр кеңесшісі саясаткер Айдос Сарым да Нұр-Мүбарак университетінің мемлекет дамуында маңызы ерекше екеніне тоқталып, жақында ғана басшылық қызметке тағайындалған проректор, доцент Қайрат Құрманбаевқа сәттілік тіледі. Университеттің жаңа даму белесіне бастау алғанына сенім білдіріп, Нұр-Мүбарак университетінің тек елімізде ғана емес, халықаралық дәрежеде де озық жоғары оқу орнына айналуына тілектестік білдірді.

 

Ұқсас жазбалар