Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Министр Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ біздің университет жайлы жылы лебізін білдірді

21/11/2016

ҚР Дін және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев сенбі күні „Нұр-Мүбарак„ университетіне арнайы зиярат жасап, оқу орнының тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысқан болатын. Сапар барысында профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттармен жүздесіп, пікір алысқан еді. Осы кездесулері жайлы министр Нұрлан Байұзақұлы „Facebook„-тағы өзінің парақшасында:

ministr1

 

 

— Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениетінің университетіне арнайы сапармен бардым.
Кездесу барысында жоғары оқу орнының басшылығымен діни саладағы кәсіби отандық мамандарды даярлаудағы әрі қарай жалғасатын өзара іс-қимыл мәселелерін сөз еттік.
Сондай-ақ ұстаздар мен оқытушылар құрамына «Нұр-Мүбарак» университетінің ағымдағы жұмысына оң баға бере отырып, оның қызметіне алдағы уақытта да қолдау көрсететінімізді айттым,-деп жылы лебізін білдірген.

Сірә, әлеуметтік желі арқылы әлеуметке өзінің азаматтық ойымен бөлісіп, пікірін білдіретін министрлер бізде жоқтың қасы екені анық. Өзге дамыған елдерде көптеген министрлер мен елбасшылары ғаламтор арқылы осылай елмен етене байланыста екені баршамызға белгілі. Ал бізде бұл сирек жағдай болғандықтан, ҚР Дін және азаматтық қоғам министрінің азаматтық танытуы құптарлық жағдай.

 

 

 

dinministr201612

Ұқсас жазбалар