• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Министр Нұрлан Ермекбаев жастар саясатына қатысты Халықаралық деңгейде өзекті пікірін ортаға салды     

Министр Нұрлан Ермекбаев жастар саясатына қатысты Халықаралық деңгейде өзекті пікірін ортаға салды     

13/10/2017

Нұрлан Байзақұлы министрліктің заңнаманы жетілдіру, зайырлы мемлекеттің қағидаларын нығайту, радикализмге қарсы тұру жөніндегі қызметіне тоқталды

 

 

 

Мәскеу қаласында жастар саясатын іске асыратын мекемелер басшыларының басын қосқан Халықаралық министрлер жиынына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты.

«Халықаралық қауіпсіздік» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде министр Нұрлан Байұзақұлы министрліктің заңнаманы жетілдіру, зайырлы мемлекеттің қағидаларын нығайту, радикализмге қарсы тұру жөніндегі қызметі туралы сөз сөйледі. Отбасылық тәлім-тәрбие жүйесін нығайту үшін әлеуметтік жобаларды дамыту мүмкіндіктері жайлы баяндамаға қатысушылар ерекше назар аударған.  Нұрлан Ермекбаев мырза әріптестерін үкіметтік емес ұйымдар ресурстарын тарту арқылы жастар саясаты саласындағы ынтымақтастыққа шақырды. Себебі жиынға қатысушылар Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар кеңесі, Түркі кеңесі мен ТМД елдері кеңесі аясында қызмет етуде. Әрбір ел өз аймақтарының шығынын өздері көтереді. Ал жаңа ұсынысқа сай қаржыландыру жүйесін орталықтандыруға және осы алаңдар қызметін үйлестіруге болатынын да атап өтті.

  • Сондай-ақ бұл жобаға өтіп жатқан жиынға министрлері қатыспайтын елдерде де қамтуды ұсындым. Өйткені олардың ұсыныстары халықаралық қауіпсіздік мәселелерін шешуге көмектесе алады. Сонымен қатар, ол әртүрлі өзекті мәселелер бойынша жүйелі онлайн-кеңестерді ұйымдастыру арқылы бірлескен жұмыстың үлгісін жетілдіруді ұсындым,-деп министр Ермекбаев әлеуметтік парақшасында өз ұсыныстары жайлы да оқырмандарымен бөлісті.