News

Мысырда өтетін «Екінші ұстаз әл-Фарабидің әлемдік өркениетті дамытуға қосқан үлесі» онлайн конференциясы шақырады!

06/01/2021

Каирдегі  Әл-Әзхар университетінің Ислам зерттеулері академиясы және Қазақстанның Египеттегі Елшілігі 2021 жылдың 15-16 ақпанында «Екінші ұстаз әл-Фарабидің әлемдік өркениетті дамытуға қосқан үлесі» атты онлайн конференция ұйымдастыруда. Алты секцияға бөлінген халықаралық конференцияға баяндамалар 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін қабылданады. Ал баяндама аннотациясы 15 қаңтарға дейін жіберілуі тиіс.  Баяндама 150 беттен аспауы керек. Арнайы комиссияның қарауынан өтіп, қабылданған жағдайда хабар береді. Конференцияға қажетті баяндама, аннотация, паспорт барлығы http://www.azhar.eg порталындағы конференциялар бөлімі арқылы жіберілуі тиіс.

  Секциялар:

  1. Әл-Фарабидің саяси ғылымдарға қосқан үлесі

Әл-Фарабидегі мемлекет ұғымы;

Әл-Фарабидегі мемлекет құру мәселесі;

Әл-Фарабидегі қала түрлері мен сипаттары;

Әл-Фараби көзқарасындағы Шариғат саясаты (шариғи саясат).

 

  1. Әл-Фарабидің ахлақ іліміне қосқан үлесі

Әл-Фарабидегі моральдық философия;

Әл-Фарабидің саяси пікірінің адамгершілік өлшемі;

Әл-Фараби пікіріндегі қоғамға тән асыл құндылықтар жүйесін жаңғырту;

Әл-Фарабидегі бақыт түсінігі.

 

  1. Әл-Фарабидің өз ғасырындағы ғылымдарға қосқан үлесі

Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» және оның араб және Еуропа әлеміне әсері;

Әл-Фарабидегі тіл және оның пәлсапасы;

Логика ілімі және оның тілмен ара қатынасы;

Психология және әлеуметтану;

Медицина және музыка.

 

  1. Әл-Фарабидің адам туралы ілімдерге қосқан үлесі

Әл-Фарабидегі нәпсі ұғымы;

Әл-Фарабидегі ақыл ұғымы;

Әл-Фараби өміріндегі адамгершілік өлшемі;

Әл-Фараби философиясындағы таным;

 

  1. Әл-Фарабидің философияға қосқан үлесі

Әл-Фарабидің философияны бағалауы;

Әл-Фараби және грек философиясы;

Әл-Фарабидің ислам философиясына әсері;

Әл-Фарабидегі метафизика.

 

  1. Әл-Фараби ой-пікірінің әсері

Әл-Фарабидің бұрынғы және қазіргі кездегі шығармаларға әсері;

Әл-Фарабидің зерттеулерге және ғылыми туындыларға әсері;

Әл-Фарабидің философиялық мұрасы және оның зерттеулер мен оларға бағыт берудегі әсері.

 

Конфереция онлайн өтеді.

Тілдер: араб, ағылшын, қазақ, француз, испан.

Баяндаманың бірінші бетінде тақырыбы, автордың аты-жөні, елі, тұратын жері, ғылым дәрежесі, жұмыс орны, телефон номері, электрондық почта жазылады. Баяндаманың мәтінінде автордың аты көрсетілмейді.

Баяндама Word және  Pdf нұсқаларында жолданады. Араб тіліндегі баяндама Simplified Arabic шрифтімен, басқа тілдегі баяндамалар Times New Roman шрифтімен жіберіледі. Шрифт өлшемі – 14.

Қатысушы анкетасын толтыру http://www.azhar.eg электрондық порталында 2021 жылдың 30 қаңтарына дейін жүзеге асады.

Қосымша мәліметтер үшін электронды порталдағы байланыс құралдары арқылы мамандары жүгінуге болады.

Related news
kkҚазақ тілі