Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Наурыз шашуы Нұр-Мүбаракта

09/04/2018

Күн мен түннің теңелген, табиғат жаңарып, жаңа жылдың басталған шағы Наурыз не деген көркем еді! Осындай әсемдік пен бірліктің, ұлттық  пен елдіктің мерекесіне айналған Наурыз тойы Нұр-Мүбарак университетінде қаситетті Құран аяттарымен басталды.  Мерекелік беташардан кейін жиылған қауымды  ректор, профессор Жуда Басюни бастаған Алматы қалалық Дін істері жөніндегі  басқарма басшысы Айдар Есенбеков, проректор, профессор  Шамшәдин Керім мырзалар  құттықтауға шықты. Ректор, профессор Жуда Басюни:

  • Бүкіл қазақ халқын, Президент Нұрсұлтан Назарбаевты осы берекелі  Наурыз мерекесімен  Мысыр елінің  Президенті  Абдул Фаттах ас-Сиси мырзаның , бүкіл мысырлықтар атынан құттықтаймын. Біз екі түрлі құрлықты мекендеген  халықтар болсақ та ежелден бауырлас, тарихы тамырлас елміз.  Мысырда дәл осы Наурыз секілді тарихы тым тереңде жатқан «Шаму-Насим» деген көктем мерекесі бар. Алла Тағала  екі елдің бірлігін артырып, шәкірттеріміз білімді, ұстаздарымыз ұлағатты, достығымыз берік, еңбегімізді жемісті еткей,- деп ізгі тілектерін жаудырды.

 

Сондай-ақ мерекенің құрметті қонағы  Айдан Ражымжанұлы   шуақты күні халқымыздың салт-дәстүрін  дәріптеп,  киіз үй тігіп, бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай  жұмыла кіріскен Нұр-Мүбарак ұжымына жүрекжарды лебізін айта келе: «Еліміздегі дін саласындағы түрлі түйткілдерді  реттеп, салиқалы, салмақты шешімдерімен ат салысып жүрген университет ғалымдарына, түлектеріне шын ризашылығымды айтқым келеді», — деп алғысын жеткізді. Ал проректор, профессор Шамшәдин Керім тәуелсіздіктен кейін дүние есігін ашқан шәкірттерге сонау Кеңес дәуіріндегі Наурыздың жағдайын, оның халқымыздың ұлттық болмысын сақтап қалудағы ерекшеліктеріне тоқталып, еліміздің тәуелсіздігінің баянды болуын тіледі.  Ел ағаларының ақ тілегінен кейін  халық әндері әуелеп, күмбірлеген күй шертілді.  Шәкірттер арасындағы ақынжанды  шәкірттер өлеңдерін оқып, айтыс өнерін ұсынды. Ал мерекеге  Құрманғазы атындағы консерватория студенттері, белгілі әнші Айдар Тұрғанбек  өнерлерінен шашу шашты.

Студенттер ұлыстың ұлы күні көрісу, бесікке салу, тұсау кесу рәсімдерін жасап, халыққа тәтті-пұттыдан шашу шашып, мерекенің берекесін аша түсті. Ақсақалдар бата беріп, мереке  кең жайылған дастарханмен жалғасты. Киіз үйдің іші де, сырты да кеңінен жайылған дастархандағы ыстық бауырсақ, наурыз көже, түрлі ұлттық тағамдар молынан жетіп жатты. Айта кетерлігі осы шаруаның барлығын студенттер шын ықыласымен өздері  жасап, қонақтарды шеберліктерімен тәнті етті.  Наурыз  тойын ұлттық спорттың түр-түрі жалғастырып  жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар лар анықталды.

Қазақ күресі (70 кг дейін): Қазақ күрес /Түйе палуан (70 кг жоғары):
1.     Жұмағали С.

2.     Торғайбеков А.

3.     Қанабай Н.

4.     Бектияров Б.

5.     Оңғарбаев Б.

6.     Хангелді Б.

Қол күрес (70 кг дейін) : Қол күрес (70 кг жоғары):
1.     Бақшабаев Қ.

2.     Бейсенбаев А.

3.     Салимов И.

1.     Махкамов А.

2.     Бегетай Ә.

3.     Шахобов С.

Гір тасын көтеру (24 кг):  
1.     Идрисов С.

2.     Мұхиддин Б.

3.     Құрманғалиев А.

 

Ал арқан тартыстан бірнеше студенттер тобы арасынан қалалық  сайыстарда қарсыластарын шаң қаптырып жүрген «Нұр-Мүбарак» командасының  мерейі үстем болды. Жеңімпаздарға сый-сыяпаттар жасалып,  университет басшылығ атынан зор алғыс белдірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар