Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Наурызбай Тағанұлының диссертациялық қорғауы сәтті өтті

26/06/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 25.06.2020 жылы сағат 10:00-де  6D021500 – Исламтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Утпинов Наурызбай Тағанұлының «Ислам дағуатының негіздері мен әдістері және оның қоғамдық санаға ықпалы (Қазақстандық модель негізінде)» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы еліміздегі пандемия жағдайын ескере отырып, ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматта өтті.

Диссертация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Исламтану кафедрасында орындалған.

Жұмыстың ғылыми кеңесшілері: Филология ғылымдарының докторы, профессор, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ш.Т.Керім; Анкара университетінің профессоры Исмайыл Чалышкан (Анкара қ.,Түркия Республикасы).

Ал рецензенттері: Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы  – философия ғылымдарының докторы, профессор, Ясауи ғылыми-зерттеу орталығының директоры, мамандығы – 09.00.11; Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – PhD докторы, ҚР БҒМ Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері.

Наурызбай Тағанұлының Исламтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы Нұр-Мүбарак университетінің тарихындағы исламтану ғылымы бойынша  онлайн режимде қорғалған алғашқы докторлық диссертация жұмысы ретінде тарихта қалды.

Диссертациялық кеңестің төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлі. Ал төраға орынбасары – исламтану мамандығы бойынша (PhD) докторы Қайрат Құрманбаев, диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы – исламтану мамандығы бойынша (PhD) докторы Асқар Әкімханов.

Диссертациялық кеңестің мәжілісінде Утпинов Наурызбай Тағанұлының диссертациясы  сәтті қорғалып, 13 адамнан құралған диссертациялық кеңес мүшелерінің барлығы оң баға берді.

Қорғаудан кейін диссертанттың аттестациялық ісі ҚР БҒМ Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетіне жолданады.

Ұқсас жазбалар