News

НМУ қызметкері Тимур Нүсіпхан терроризм мен экстремизмге қатысты  халықаралы конференцияда баяндама жасады

22/04/2021

 

 

 

Мемлекеттік органдардың, таңдаулы жоғары оқу орындар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар әлемді алаңдатып отырған терроризм мен экстремизм жайлы офлайн және онлайн ой-пікірлерімен бөлісті. Нұр-Мүбарак университеті  жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпхан университеттің осы саладағы тәжірибесі жайлы айта келе оның нәтижелеріне де тоқталды. Сондай-ақ қазіргі уақытта жан-жақты келісім, меморандумдар арқылы түрлі аймақтық әкімдіктер мен ақпарат құралдарымен бірлескен жобалар халықтың діни білімінің артуына ықпал етуі де оңтайлы өзгерістерге себеп екенін атап өтті.

 

«Терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жүйесінің қылмыстық саясаты» атты  халықаралық конференцияда аталған мәселемен қоса, халықаралық тәжірибе тұрғысынан алдын алу мәселелері, әдістері қаралып, сондай-ақ пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеп жатқан экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандарды оңалтудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар талқыланды.

ҚР Ішкі істер министрлігі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, Қазақстандағы Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасымен бірлесіп атқарған офлайн және онлайн форматтағы конференция барысында құзырлы орын өкілдері, ҚР-дағы АҚШ елшісі, БҰҰ өкілдері де пікірлерін ортаға салды.

 

 

Related news