News

НМУ проректоры, PhD Қайрат Құрманбаев Қазақстан дінтанушылар Конгресінің төрағасы болып сайланды

16/04/2021

 

Бүгін Қазақстан дінтанушылар Конгресінің кезектен тыс мәжілісі өтіп, өзекті мәселелер талқыланды. Онлайн форматта өткен жиналыста конгрестің атқарған жұмыстарына шолу жасалды. Еліміздегі дін саласындағы жаһандық сын-қатерлер мен тенденцияларды және олардың Қазақстандағы рухани кеңістікке әсер-ықпалын ескере отырып,  бұл құбылыстарды жүйелі түрде зерттеу маңыздылығы сөз болды.

 

Қазақстандық дінтанушылардың кезектен тыс басқосуы нәтижесінде Конгреске жаңа төраға сайлануы көтеріліп, оған Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, ғылым докторы, белгілі ғалым Қайрат Құрманбаев бірауыздан сайланды.

-Дінтанушылар Конгресін дамытуға қатысты сенімдеріңізге алғысымды білдіре отырып, ел игілігі жолында  ынтымақтастықта жемісті еңбек етуге үміт артамын,-деген жаңа төраға Қайрат Құрманабев Конгрес жұмысын жандандыру жолында күш-жігерін салатынымен бөлісті.

«Қазақстан дінтанушылар конгресі» Қоғамдық бірлестігі төрағалығын осыған дейін  белгілі ғалым Ғарифолла Есім,  филос.ғ.д., профессор Бақытжан Сатершинов мырзалар жетекшілік жасаған болатын. Ендігі тізгін ғылым саласында ғана емес, басшылық тәжірибесімен де танылып үлгерген ғалым Қайрат Құрманбаевтың құзырына өтті.

 

Related news