Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак баспасынан «Құран тағылымы (Құранның ерекшелігі, жаттау тәсілдері мен әдептері)» атты жаңа кітап жарық көрді

28/04/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты, «Исламтану» кафедрасының оқытушысы  Бижан  Илесбековтың «Құран тағылымы (Құранның ерекшелігі, жаттау тәсілдері мен әдептері)» атты кітабы жарық көрді.

Бижан Оразалыұлының жаңа кітабы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті тарапынан жүргізілген дінтану сараптамасының  талаптарынан өтіп, ҚМДБ-ның сараптау комиссиясынан оң бағасын алды.

Автордың бұл еңбегі Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевтың жауапты редакторлығымен көпшілік қауымға ұсынылды.

Кітапта қасиетті Құран Кәрімді оқудағы үйренуші әрі үйретуші адамның артықшылығы, Құранды оқу мен жаттау барысында сақталуы тиіс арнайы әдептер мен ережелер және төрт мәзһаб имамдарының Құранмен байланысы туралы баяндалған.

Сондай-ақ оқырманды Құран оқуға қызықтыратын, мән-мағынасына көңіл бөліп, ой жүгіртуге шақыратын аяттар мен пайғамбар хадистері, сахаба және табиғин сөздерін оқи аласыз.

Одан өзге еңбекте араб тілін білетіндер мен жаңадан үйренушілерге арналған екі түрлі Құран жаттау тәсілі мен Құранға қатысты басқа да көптеген мәліметтер жазылған.

Нұр-Мүбарак баспасынан шыққан 176 беттен  тұратын «Құран тағылымы (Құранның ерекшелігі, жаттау тәсілдері мен әдептері)» кітабы барша оқырман қауымға, оның ішінде Құран үйреніп және оны өзгеге  үйретемін деушілерге арналады.

Жаңа кітап туралы  толығырақ ақпаратты 8-702-985-51-58 нөміріне хабарласып,  Әл-Фараби көшесі 73 үйдегі мекен-жайдан  келіп алуыңызға болады.

 

 

 

Ұқсас жазбалар