
Түркия Республикасы Дін істері басқармасына қарасты ISAM әлем үшін ислам энциклопедиясын жасау мақсатында 1984 жылы құрылып, сол уақыттан бастап барлық зерттеулерді жинақтай бастаған. Қазір 700 мыңнан астам кітап қоры бар және 550 мыңдай мақалалары қамтылған үлкен көлемді кітапхананың осыдан 37 жыл бұрынғы мақсаты орындалып, энциклопедия да жарық көрді. Ислам зерттеу орталығының ауқымы кеңейген. Қазіргі таңда арнайы оқу гранттары, соңғы зерттелген классикалық әрі заманауи еңбектерді жарыққа шығаратын баспа жүйесі жолға қойылған. Ең бастысы зерттеуші үшін қолайлы жағдай мен мүмкіндіктер жасалған.