Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

„Нұр-Мүбарак„ діни мамандар даярлауда озық екенін дәлелдеуде

30/03/2017

Исламтану мен дінтанушылар бүгінде қоғамға аса қажетті мамандарға айналуда. Сондықтан бұл мамандыққа деген сұраныс артып келеді. Ал еліміздегі ең алғашқы теологтарды даярлаушы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті дін саласында білім алушы студенттер арасында олимпиада өткізуді игі үрдіске айналдырған. Биыл 9-рет өткізілген теология пәні бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетіп, „Нұр-Мүбарак„ университетінен қатысқан студенттердің екі тобы да жеңімпаздар тұғырына көтерілді. Яғни, еліміз бойынша қатысқан 4 жоғары оқу орнынан 8 топ өзара бақ сынады. Жалпы есеппен „Нұр-Мүбарактың„ Исламтану кафедрасының меңгерушісі, белгілі ғалым Шамшәт Әділбаева ханым жетекшілік еткен „Исламтану„ командасы 2-орын, ал Дінтану кафедрасының меңгерушісі Қалмахан Ержан мырза бастаған дінтанушы студенттер тобы 3-орын иеленді.

OlimpTur2017 3

Ал бірінші орынды Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің дінтанушылары еншіледі.

8 топтың арасынан екі жүлделі орынды иеленген исламтанушы мен дінтанушы студенттер тобының қос бірдей жеңісі — әлбетте „Нұр-Мүбарак„ университетінің жетістігі һәм ұстаздардың біліктілігі мен білімін дәлелдей түскендей. Сондықтан, жеңістеріңіз құтты, еңбектеріңіз жемісті болсын демекпіз.

OlimpTur2017 0

Ұқсас жазбалар