News

Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректоры Мухаммад Аш-Шаххат  Халықаралық конференцияда баяндама жасады

22/12/2020

 

Халықаралық араб тілі күніне орай Түркиядағы Миннесота тілдер академиясында «Жаһандану мен техника дәуіріндегі араб тілі» аты онлайн конференция өтті. Әлемнің 20-дан астам елінің ғалымдары қатысқан жиында Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад Аш-Шаххат басты баяндама жасаушылардан болды.

Әлем халықтарын жақындастырып, мұсылмандарды біріктіруде араб тілінің маңыздылығына кеңінен тоқталған ректор, профессор Мухаммад Аш-Шаххат  конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Бүгінде әлемдегі ең көп қолданылатын тілдер қатарындағы араб тілі тарихы сонау ислам дініне дейінгі дәуірлермен байланысты. Құранның араб тілінде түсуі бұл тілдің аясы мен маңыздылығын арттырып, ғылым тіліне айналды.  Соның бір дәлелі Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы араб тілі кафедра, факультеттерін айтпағанда, Мысырдағы мың жылдық тарихы бар Әл-Азһар университеті мен өзге де іргелі жоғары оқу орындарының ғалым, профессорларының басын қосқан Нұр-Мүбарак университетінің даму үлгісін айтуға болады. Университет ректорының халықаралық конференциядағы баяндамасына осы деректер ерекше тұздық болды.

Ал орта ғасырларға ислам әлемінің Еуропа ренессансына әсер етуінің бір белгісі бүгінде  түркі әлемін айтпағанда, көптеген еуропалық тілдер, мысалы португал, испан, ағылшын, француз, Сицилия, т.б. тілдерденің лексикасынан байқауға болады.

Сондықтан БҰҰ Бас Ассамблеясы араб тілін 1973 жылы 18 желтоқсанда жұмыс тілдер қатарына енгізсе, 2010 жылдан бастап бұл күн халықаралық араб тілі күні ретінде аталып өтуде.

 

Related news