Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак футбол командасы Лиганың 1-ші тур жеңімпазы

12/10/2018

Алматы мешіттерінің жамағаты арасындағы футбол лигасы басталды. 40-тан астам мешіттер әуелі аудандық турдан іріктелді. Бостандық ауданының біріншілігінде Нұр-Мүбарак футбол құрамасы жүлделі екінші орын иеленген болатын.

«Дайындықтың аздығынан есе жіберсек те, болашақта олқылықтың орнын толтырып, намысты қолдан бермейміз», — деген команда капитаны сөзін ақиқатқа айналдырды. Себебі Алматы мешіттері арасындағы лигада Нұр-Мүбарак құрама командасы 1-ші тур жеңімпазы атанды!

Жақында ғана Алматы қаласы әкімдігінің «Асыл мұра» бағдарламасы аясында қала күнін ұйымдастырған «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығының өкілдері Алматы мешіттері жамағаттары арасында футболдан турнир басталатынын мәлімдеген болатын. Жеңімпаз командалар үшін жүлде қоры 1 млн.теңге тағайындалған.

 

Ұқсас жазбалар