Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

„Нұр-Мүбарак„ футбол командасы жаңа жеңіс тұғырында

03/09/2017

Астана ЭКСПО-2017„ халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында және Құрбан айт мерекесі құрметіне Алматы облысы Боралдай кентінде „Туған жер„ бағдарламасына сай мешіт жамағаттары арасында футбол жарысы ұйымдастырылды. 10-нан аса мешіт жамағаттарының спортқа деген ептілігі сынға түскен сайыста „Нұр-Мүбарак„ университеті студенттерінің футбол командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл жолы алдыңғы буын ағаларына есе жіберген нұр-мүбарактықтар үшінші орынды місе тұтты. Есесіне ең үздік ойыншы марапатын Айнадин Адайбек иеленді.

Жеңімпаздарды Боралдай кентінің әкімі М.Салимбаев арнайы мадақтама қағазымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

— Әр жарыс, бәйгелерде осындай жеңіс тұғырына көтерілу біздерге жұмыс бағытымыздың дұрыстығына сенім береді. Болашаққа жаңа ізденістер мен жастардың жігерлі де салауатты болып дамуына жаңа ізденістерге жол ашады,-деді университеттің аға оқытушысы, спорт шебері Айдар Иманбаев қуанышымен бөлісіп.

Енді жаңа оқу жылы басталды, еліміздің түкпір-түкпірінен жалынды жастардың жаңа легі арасынан осы жеңімпаз студенттерге сенімді ізбасарлар іріктеледі деген үміттеміз.

Ұқсас жазбалар