Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак» футбол командасы ЖОО арасындағы Спартакиада жеңімпазы

31/10/2016

 

Нұр-Мүбарак университеті Алматы қаласындағы 40-қа жуық жоғары оқу орындары арасында өткен Спартакиадада шағын футболдан жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл сайыс еліміздің  Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ауқымды жоба.

 

footbol2016-1

 

 

 

 

 

Алматы тұрғындарының спортпен үздіксіз айналысуын көздеген бұл бірегей жобаның  ұйымдастырушылары – Алматы қаласы әкімдігі. Биылғы наурыз айынан жыл соңына дейін жоспарланған спорттық шараларды Алматы қаласы денешынықтыру және спорт басқармасы мен «Олимп» спорттық-рекреациялық орталығы бірлесіп өткізуде.

«Спорттық Алматы» спартакиадасы бойынша қаладағы 380 мың адамды спортқа тарту көзделген. Қала қоржынынан 523 млн теңге бөлінген кешенді бағдарлама  мыңнан аса спорттық шараны қамтиды.

Ал қазан айының соңғы күндерінде ұйымдастырылған Спартакиада Алматыдағы жоғары оқу орындары арасында шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел тенисі, армрестлинг сынды 6 спорттық ойын бойынша өтті. Қашанда ойнаушыны еліктіріп, көрерменін желіктіріп жіберетін, яғни көпшіліктің ерекше ден қоятын футбол спорттық сайысында  «Нұр-Мүбарак»  командасы  «Тұран» командасына ғана есе жіберіп, жүлделі екінші орын иеленіп, әрбір ойыншы арнайы диплом алып,  күмістен алқа тақты.

«Нұр-Мүбарак» университетінің студенттері осындай ЖОО-ры  арасындағы және өзге де спартакиадаларда үнемі жеңіс туын желбіретіп келеді. Былтыр ғана 16 жоғары оқу орны арасында бамперболдан бірінші орын алып, университетіміздің мерейін үстем еткен. Спорттық сайыстарда жетекшілік етуші университетіміздің Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары спорт шебері Алтынай Балтина мен аға оқытушы Айдар Иманбаевтар.

 

footbol2016-3

 

 

Бұл жеңістің барлығы  университет ұжымының белсенділігі мен салауатты өмір салтына деген ұстанымының көрсеткіші болса керек. Себебі «Нұр-Мүбарак» университеті өзара студенттер арасында спорттық сайыстар мен  мәдени-қоғамдық іс шараларды жүйелі түрде жиі ұйымдастырып, жастардың еліміздің дамуына деген үлесін үнемі қанаттандырып отырады.

 

 

footbol2016-2

 

footbol2016-4

 

footbol2016-5

 

footbol2016-6

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар