„Нұр-Мүбарак„ футбол командасының кезекті жеңісі!

10/10/2017

Салауатты өмір салтын ұстанған студенттеріміздің мерейі үстем бола берсін!

Алматы қаласындағы мешіттер арасында „Нұр-Мүбарак„ мешітінің туын көтеріп шыққан сутденттерден құралған футбол командасы екінші орынға ие болды. Шағын футбол жарысын Алматы қаласық Дін істер басқармасы „Рухани жаңғыру„, „Асыл мұра„ ұстанымдарына орай ұйымдастырған еді. Осыған дейін Бостандық ауданы бойынша бірінші орын алып, қалалық турнирге жолдама алған „Нұр-Мүбарак„ командасы бұл жолы „Байкен„ мешітінің жамағатынан құрылған командаға есе жіберіп алды. Осылайша студент Әшімжан Самат капитандық еткен жастар командасы екінші дәрежелі тұғыр биігіне көтеріліп, қалалық Дін істер жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбаев мырзаның қолынан кубок пен диплом алып, мойындарына күмістен жеңіс алқасын тақты.