• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Нұр-Мүбарак ғалымдары Ұлттық кітапханадағы халықаралық Библиотүн шарасына қатысты

Нұр-Мүбарак ғалымдары Ұлттық кітапханадағы халықаралық Библиотүн шарасына қатысты

13/06/2017

„Орталық Азия — Араб әлемі: тарих пен мәдениеттің өзара байланысы„ атты халықаралық ғылыми конференция!

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада „Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы„ атты халықаралық әдеби Биеннале өтті. Оған еліміздегі БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ТҮРІКСОЙ басшылары, ғалымдар, белгілі ақын, жазушы, қоғам қайраткерлері, театр және кино саласының өкілдері қатысты. Қасиетті Рамазанның ортасына тура келген халықаралық шара жан-жақты қарастырылғаны байқалады. Себебі, күндізгі сағат 9-да басталған Биенналеге қатысушы Нұр-Мүбарак университеті мен өзге де мұсылмандық парызын өтеуші ғалымдарға арнап Библиотүн шарасымен жалғасты. „Орталық Азия — Араб әлемі: тарих пен мәдениеттің өзара байланысы„ атты халықаралық ғылыми конференцияны ҚР Ұлттық кітапханасымен бірге Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Абылай хан атындағы Қазақ ұлттық халықаралық университетінің шығыстану университеттері ұйымдастырып, ғалымдары аталған мәселеге қатысты жан-жақты талқылау жасады. Сондай-ақ, „Жібек Жолы-2017„ Халықаралық кинопоэзия фестивалінің қысқаметражды фильмдері мен „Сұлтан Бейбарыс„, „Қыз Жібек„, „Менің балалық шағымның аспаны„, „Шал„, „Көшпенділер„ көркем фильмдері көрсетілді.

Халықаралық шара ертең қорытыланбақ.