Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак мешітіндегі мәні бөлек Мәуліт

20/11/2018

dav

 

Ия, әрбір діни басқосу, шаралардың жөні бөлек. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан мәуліт айының басталуының құрметіне Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессрлары, әл-Азһарлық ғалымдар тобы студент жамағатымен тағылымы мол кеш өткізді. Бүгінде әсіресе, діндар жамағаттар арасында «Мәуліт – бидғат» деген сынды қарапайым жұртшылықты әрі-сәрі күйге салатын пікірлерде белсенділік танытатындар аз емес. Сондықтан  Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди мырза мәулітті атап өтудің артықшылықтарына тоқталды.

Нұр-Мүбарак мешітіндегі тағылымды басқосуда университеттің Оқу-әдістемелік басқарма басшысы филол.ғ.к., доцент Жалғас Сандыбаев  мәуліт жайлы айта келе, Пайғамбарға (с.а.у.) салауат айтудың  маңызына тоқталды. Сондай-ақ Тәрбие және дін бөлімінің меңгерушісі Оралхан Сейдуманов шәкірттерді уақытты тиімді пайдаланып, құлшылық пен білімді арттыруға көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Мысырлық ғалымдар қасиетті Құран оқып, студенттер араб тілінде шығарған жыр шумақтарын оқыды.

 

dav

 

dav

 

dav

 

dav

 

 

 

Ұқсас жазбалар