Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак оқытушыларына тәжірибелік дәрістерді ұйымдастырудың тәсілдері жайлы курс басталды

14/01/2020

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Текесбаева Анар Молдақынованың жетекшілігімен «Практикалық сабақтарды ұйымдастырудың тиімді жолдары»  тақырыбында 3 күндік курс басталды.

72 сағаттан тұратын курс мақсаты – жоғары оқу орындарында меминар, практикалық сабақтарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету.

Курсқа  университеттің  «Араб және ағылшын тілдер»  кафедрасы мен «Исламтану»  және «Дінтану» кафедрасының  профессор-оқытушылар құрамы  қатысты.  «Араб және ағылшын тілдер»  кафедрасының оқытушыларынан Ақшолақова Әсем, Қарағойшиева Данель, Мұхтаров Тохтар, Кушахметова Динара, Бақтиярова Шынар, ал «Исламтану» кафедрасының  профессор-оқытушыларынан PhD докторнаты Илимбаев Ризабек, Жұматаев Әбілхайыр, Уйсембаев Бейбіт, Сейитмаматов Нұрлан, Илесбеков Бижан, Алпыспаев Ерғали, сондай-ақ  «Дінтану» кафедрасынан  PhD  Дүйсенбаева Альбина, Хамзеева Базар, Мажитұлы Ермұхамет, Абдилхаким Б, Имамади Түсіпхан, Әбубәкірова Арайлым болды.

Одан өзге курсқа жетекшілердің қатарынан Қазақ Ұлттық қыздар педагогигалық университеті  Біліктілікті көтеру және қосымша білу беру институтынан Хамзина Камеш қатысты.

Курс барысында семинар сабақтарды жүргізудегі әдістемелік жолдар ұсынылып, Блум таксономиясы мен Эйзенхауэр матрицасына тоқталды. Алғашқы дәрісте ақпаратты білу, түсіну, қолдану, анализ жасау, синтездеу, бағалау әдістері түсіндірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар