Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак студенті  Әлемдік Құран бәйгесінде 2-ші орында

18/06/2016

 

Айлардың сұлтаны  Рамазанда Түркияда жыл сайын Қасиетті Құран айының құрметіне Құран жаттау және мәнерлеп оқудан халықаралық бәйге ұйымдастырылады.  Биыл бұл жарыс  маусымның 10-17 арасында өткізілді. Қазақстан атынан қос сайысқа екі үміткер, яғни   жатқа оқудан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Шохан Уәлиев, ал мәнерлеп оқудан Шымкент қаласындағы  «Ыхылас» қарилар орталығының шәкірті Бекзат Жүсіпұлы аттанды.

Құранды жатқа оқудан 60-қа жуық елден  келген 58 үміткер арасынан ақтық финалға суырылып шыққан 7 хафиз құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан жіберілген Шохан Уәлиев те болды.

  • Ақтық сайыс оңай болған жоқ. Қасиетті Құранның кез-келген жерінен қойылған сұраққа бес қари мүдірмей оқып шықты. Сондықтан, кімнің жеңімпаз екенін өзара топшылау қиынға соқса да бангладештік әріптесіміздің үздік екенін аңғардым,-деді Шохан өз сөзінде.

Стамбул қаласында бір аптаға созылған Құран сайысында расымен бірінші орынды  Бангладеш елінен келген хафиз иеленсе, екінші орынды Шохан Уәлиев еншілеп Қазақ елінің атын асқақтатты. Ал үшінші орын Сомали елінің хафизына бұйырды. Жеңімпаздарды марапаттауға  Түркия президенті Режеп Таиб Ердоғанның өзі  қатысып, қасиетті Құранға, қариларға деген ықылас-құрметін көрсетті.

Айта кетсек, Нұр-Мүбарак университетінің студенті Шохан Уәлиев халықаралық сайысқа өткен жылы тұңғыш  рет Малайзияда  қатысып, 100-ге жуық хафиздың арасынан алғашқы 10-дыққа ілінген болатын. Тура бір жылдан кейін Түркия елінде екінші орынға көтерілуі бұл да еліміздегі қасиетті Құранға деген қызығушылықтың артып, имандылықтың өркендеп әрі еліміздегі бірегей ислами оқу ордасы Нұр-Мүбарак университетінің  білім дәрежесінің көрсеткіші екені даусыз.

 

shohan4

 

shohan2

 

shohan3

 

shohan5

Ұқсас жазбалар