Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак студенті Республикалық пәндік олимпиада жеңімпазы атанды

26/02/2020

25-26 ақпан күндері Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің ұйымдастыруымен Республикалық пәндік олимпиада өтті.

 «Шет тілдері» мамандықтар бойынша ағылшын, француз, неміс, парсы, түрік, араб тілдері арасында екі күнге созылған білімділер додасында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 3 курс студенті Сейдалиева Айсана 1 орынға ие болды.

ЖОО арасында өткен білім бәйгесінде өзгелерден білімімен дара көрініп, университет мерейін үстем еткен А.Сейдалиеваны Нұр-Мүбарак университетінің  басшылығы жеңісімен құттықтайды.

 

Ұқсас жазбалар