News

Нұр-Мүбарак студенті «Үздік студенттер академиясының мүшесі» атанды

06/10/2020

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы еліміздің  студенттері мен магистранттарын  қолдау мақсатында тұңғыш «Үздік студенттер академиясы» жобасын ұйымдастырды.

Аталған жобаға Нұр-Мүбарак университетінің 4 курс студенті Шалқар Мадина қатысты. Араб-ағылшын мамандығында оқитын білім алушымыз дарыны мен көсбасшылық қабілеті үшін «Үздік студенттер академиясының мүшесі» атанып, төс белгіге ие болды.

Сонымен қатар үздіктер бақ сынаған  байқауда орталық директорының  құттықтау хатымен марапатталды.

Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы Мадинаны жеңісімен құттықтап, толағай табыс тілейді.

 

 

Related news